A place where you need to follow for what happening in world cup

Қордай ауданында асармен 15 үй салынуда

0 59

Қордай ауданында «Асар» дәстүрімен жалғыз басты, мұқтаж отбасылар үшін 15 баспана салынуда, — деп жазады «Tugir.kz».

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарабаев және облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің бастамасымен «Асарлатып үй салу» жобасы облыс бойынша бастау алды. Аздаған уақыт ішінде Қордай ауданында тұрғын үйге мұқтаж 25 отбасы анықталып, 2020 жыл соңына дейін ежелгі дәстүрмен оның ішіндегі 15 отбасын үймен қамтамасыз ету жұмыстары басталды. Биылғы жылы «Асармен» Алға, Жамбыл, Степное, Қасық, Ауқатты, Қарасу, Отар ауылдық округтерінде тұратын көп балалы, мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік аз қамтылған және жалғызбасты аналар баспаналы болмақ.

Осындай игі істің бірі — Әлжан ана ауылында жүзеге асырылуда. Аталмыш ауылда анасынан ерте айырылған, әкенің қамқорлығынсыз қалған екі ағайынды жас балалар бар. Облыстан бастау алған игілікті іс аясында ауылдың округ әкімдігінің ұйытқы болуымен және ауыл ксәпкерлерінің бірігуімен бос тұрған үй қазір толықтай жөндеуден өтуде. Есік-терезелері ауыстырылып, іші әктеліп, сырланып, есік алдындағы ескі қоралар техниканың күшімен сүріліп, өмір сүруге барлық жағдайды жасалуда. Ендігі кезекте газ мен электрге қосу мәселелерін шешу жолдарын қарастырудамыз, дейді ауылдық әкімдіктің мамандары.

Шын мәнінде ауыл болып жұмылып, асарлатқан ағайын өмірдің қиын жағдайына тап болған жастарды баспаналы еткелі отыр. Жұмыстар бұл қарқыннан тоқтамаса көп ұзамай екі бауыр қоныс тойын тойламақ.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.