A place where you need to follow for what happening in world cup

Қордай ауданында бірнеше білім нысанының құрылысы жүргізілуде

0 51

Қордай ауданында бірнеше білім нысанының құрылысы жүргізілуде, — деп хабарлайды «Tugir.kz».

Күнбатыс-2 ауылында 150 орындық орта мектеп құрылысы жүргізілуде. Өткен жылы құрылысы басталған нысанға жауапты мердігер компания «Шұғыла-2002» ЖШС-і. Қазіргі таңда мектептің құрылысы аяқталуға жақын.

Сонымен қатар, Қалғуты ауылында 2019 жылы 180 орындық орта мектептің құрылысы басталған болатын. Сметалық құны – 626276,2 мың теңгені құрайтын нысан тамыздың аяғына дейін тапсырылады.

Аудандағы Масаншы ауылында 600 орындық орта мектеп салынуда. Сметалық құны 1 170 792,0 мың теңгені құрайтын нысанға жауапты компания «ТАРАЗСТРОЙ-2004» ЖШС-і. Ағымдағы жылы құрылысы басталған нысанның құрылысы 2021 жылдың тамыз айына дейін созылады.

Сонымен қатар аудандағы мектептердің жылу қазандықтары салынуда. Оның бірі Қарасай батыр ауылындағы №20 орта мектебі. Сметалық құны 55 422,0 мың теңгені құрайды. Дәл осындай Ноғайбай ауылындағы №35 орта мектебіндеде жүргізілуде.

Жұмыстар мерзімнен бұрын аяқталса,  жаңа оқу жылында балалар  жаңа кейіпке енген мектептерінде білім алады. Бұл оқушыларға да, мектеп ұстаздарға да тиімді.

Жалпы ауданда қазіргі таңда 48 мектеп бар. Қазіргі кездегі қиын жағдайға байланысты ауданда 34 мектеп қашықтықтан, 14 мектеп дәстүрлі түрде білім алатын болады.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.