A place where you need to follow for what happening in world cup

Қордай ауданында кәсіпкерлердің саны көбейген

0 48

Бүгінде кәсібін нәсіп етіп, жұмыстарын жандандырып жатқандардың қатары артып келеді. Тірліктің көзін тауып, еселі еңбектерімен көзге тусушілердің арасында жастар мен қатар көп балалы аналар бар. Бірі тың кәсіптің тізгінін ұстаса, енді бірі алақандай ауладан өнім алып, ел экономикасына үлес қосуда, — деп хабарлайды Tugyr.kz.

Қордай ауданының тұрғыны Адлет Акбар мемлекеттік бағдарлама арқылы өткен жылы бизнесті дамытуға 2,5 миллион теңге көлемінде мемлекеттік грант алған. Грант сомасына жас жігіт қағаз майлықтар шығаратын жабдық сатып алып, бүгінде өнім жасап шығаруда.

Кәсіпкердің айтуынша, бастапқыда бұл кәсіпті игеру оңайға соқпаған, арнайы станоктың тілін меңгеру, шикізатты басқа облыстан әкелу сынды түрлі қиындықтарға тап болған. Ерінбей еңбек етудің арқасында жас азамат аудандағы тамақтанатын орындармен келісім шарт жасасып, дүкендер мен қатар ас ішу орындарын арнайы қағаз майлықтармен қамтамыз етуде. Қазіргі таңда кәсіпкер аудан тұрғындарын да жұмыспен қамтып отыр.

— Алғаш кәсіпті бастағанда өнімді өткеру жағы қиындық тудырады ма деп қобалжығаным рас. Бірақ сапалы қағаз майлықтарына сұраныс бар екен. Қазір мұнда 3 адам еңбек етеді. Жалақысы да жоғары, — дейді Адлет Акбар.

Сонымен қатар, Ноғайбай ауылының тұрғыны Ұлбала Сағындықова да 3 гектар жерге қызанақ егіп, жиын-терінді бастап кеткен. Кәспкердің айтуынша нарықтағы бағасын жоғалпайтын қызанақ түрін биыл 4 жыл өсіріп, өнім алуда. Науқандық жұмысқа 15 жергілікті тұрғын тартылған.

Сонымен қатар, кәсіпкердің айтуынша биылғы жылы 0,5 га жерге ақ қырыққабат сынау үшін отырғызылды, егер егін жақсы болса, келер жылы қырыққабат үшін 2 гектар жер бөлінетін көрінеді.

Айта кетейік, көп балалы ана, күміс алқа иегері Ұлана Сағындықова өз кәсібін алдағы жылы кеңейтпек ниетте. Ол үшін тамшылап суғару әдісін пайдаланатын боламын деген ол, биылғы жылы судың аз болуы салдарынан өнімге көп кері әсерін тигізді-дейді.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.