Қордай ауданындағы бірнеше елді-мекенге газ тартылуда, — деп хабарлайды Tugyr.kz.
Қордай ауданының күн шығыс бөлігіндегі бірқатар ауылдарға көгілдір отын газ тартылуда. Қазіргі таңда аудан орталығы мен Қаракемер ауылы арасындағы магистральді құбыр желісінің жұмысы аяқталуға жақын. Бұл халық өте тығыз қоныстанған аймақ үшін көптен күткен қуаныш болып отыр.
Қордай ауылы мен Қаракемер, Масаншы елді мекендері арасындағы алпыс шақырым жерге магистральді газ құбыры жүргізілуде. Жұмыс сапалы атқарылуы үшін мұнда газ жүргізу саласындағы білікті мамандар тартылған. Бүгінгі таңда аудан орталығынан шыққан құрылысшылар Масаншы ауылына 2-3 шақырым жер ғана қалды. Ол біте салып ауыл ішілік құбыр тарту жұмыстары жүргізіледі дейді жауапты мамандар.
Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевта Қордай ауданына барған жұмыс сапары кезінде жергілікті халық тарапынан көтерілген газ мәселесіне мән беріп, оны қолдайтындығын айтқан еді. Осының арқасында тиісті 5 миллиард теңгеден астам қаражат бөлініп, жұмыс дер кезінде басталды. Тағы бір айта кетерлігі, газды үйге кіргізу құны алғашында 100- мың теңге болса, қалған соманы ауыл тұрғындары ай сайын бөліп төлеуге мүмкіндік беріліп отыр.
Қыркүйек айының соңында ауыл ішілік құбыр тарту жұмыстары басталса, ол да жыл соңына дейін аяталады. Осының арқасында Қаракемер, Масаншы, Өтеген, Қарасу, Сортөбе, Ауқатты секілді ауыл тұрғындары көптен күткен қуанышқа кенелмек. Себебі, газ болса ауыл да дамитын болады.