A place where you need to follow for what happening in world cup

Қордай ауданындағы дәрігерлер кәсіпкерлерге алғыс айтуда

0 108

Еліміздегі карантин жағдайына байланысты қордайлық кәсіпкерлер белсенділік танытып, жерлестері үшін айтарлықтай игі істерді атқаруда. Бүгін аудандағы жекеменшік балабақша басшылары мен жергілікті кәсіпкерлер бірлесіп аудандық орталық ауруханаға бір ИВЛ аппаратын сыйға тартты.

Кәсіпкерлердің айтуынша бұл аппаратты алуға жергілікті аудан тұрғындарының да үлесі зор. Аудан әкімінің орынбасары Б.Жамангозов пен аудандық орталық аурухананың бас дәрігері З.Қадырбекова аппараттарды ауруханаға жеткізіп берген кәсіпкерлеге алғысын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.

— Бүгінде ауруханаға пневмония диагнозымен түсіп жатқан науқастардың қатары көп. Ал мұндай диагнозы бар науқастарға оттегі жетіспеуі салдыран ауруы асқынып жатады. Міне, осындай жағдайда ИВЛ аппараттарының маңызы зор, – деді аурухананың бас дәрігері З.Қадырбекова, кәсіпкерлерге ерекше алғысын жеткізіп.

Айта кетейік, бұған дейін де аудандағы кәсіпкерлер 2 ИВЛ аппаратын және 20-дан астам концентратор аппараты мен көптеген медициналық құрылғыларды жеткізген болатын.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.