A place where you need to follow for what happening in world cup

Қордай ауданындағы мешіттерде 8 имам ауыстырылды

0 96

Қордайдағы Құран қариларын дайындайтын орталықта барлық мәселе шешімін тауып, ауданындағы мешіттерде 8 имам ауыстырылды, деп хабарлайды Tugyr.kz. 

Қордай ауданда үш күн жұмыс істеген «Діни мәселелер» тобының мүшелері аудан әкімдігінде қорытынды жиналыс өткізіп, онда Жангелді Омаров атқарылған жұмыстардың есебін берді.

Үш күн ішінде ауданда жалпы 16 іс-шара ұйымдастырылып, 300-ден астам тұрғын қамтылды. Аудан тұрғындарымен әр түрлі форматта кездесулер өтіп, дін саласына байланысты, сонымен қатар әлеуметтік, медициналық және білім беруге қатысты мәселелердің түйіні тарқатылды. Деструктивті діни көзқарастағы азаматтармен сұхбат жүргізіліп, оңалту жұмыстары атқарылды.

Азаматтарға дін саласындағы жаңалықтар, құқықтық, жауапкершілік мәселелері түсіндірілді. Ең бастысы – «Қордай» Құран қариларын дайындау орталығына қатысты барлық мәселелер шешілді. Осыны және өзге аспектілерді тізген Жангелді Жайлауұлының сөзінен кейін Бейқұт Жамангозов облыстан келген қонақтардың жұмысына ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.

Ал, жиынға қатысқан құқық қорғау органдарының басшылары қоғамдық тәртіп, ұлттық қауіпсіздікке байланысты бірқатар мәселелерді көтеріп, өз ұсыныстарын айтты.

Олардың ұсыныс тілегі назарға алынып, жұмысты жандандыру бойынша шешімдер қабылданды.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.