A place where you need to follow for what happening in world cup

Қордай ауданында жүзеге асырылып жатқан 387 жобаның 325-і аяқталған

0 69

Қордай ауданында құрылыс, ауыларалық және ауылішілік жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүл бағытта 387 жоба жүзеге асырылып жатыр, — деп жазады Tugyr.kz.

2020 жылы жүзеге асырылып жатқан 387 жобаға жалпы 21,8 млрд. теңге қарастырылған. Қаржы «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ауыл – ел бесігі», «Нұрлы жер» бағдарламалары арқылы бөлініп, көптеген игі жұмыстар қолға алынды. Мәселен, қазіргі таңда ауданда 3 мектеп құрылысы, 4 көпқабатты тұрғын үй, 6 ауыз су, 7 инженерлік инфрақұрылым, 4 спорт кешені, 4 қазандық, 6 газдандыру, 4 мектептің күрделі жөндеуі, 6 денсаулық сақтау, 274 жолдар, 43 абаттандыру, 2 әлеуметтік қызмет, 2 су қоймасы, 23 ағымды жөндеу жұмыстары қолға алынған. Бүгінде 387 жобаның 325-і аяқталған.

Мәселен, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында бөлінген қаржыға 13 құрылыс жобасы іске асса, одан бөлек тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласы бойынша 198 жоба қолға алынған. Жалпы бұл бағдарлама бойынша 10 374,3 млн. теңге бөлінген.

Аталған жобалар аясында 2645 жұмыс орны ашылып, оның 1454-і жұмыспен қамту орталығы арқылы жолданғанын айта кету керек.

Ал, Республикалық Үкімет резерві есебінен 99 жобаға 2 млрд. теңге бөлініпті. Оның 1,9 млрд. теңгесіне 6 елді мекендегі 96 көшеге (110,8 шқ) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге 87 жол асфальтталып, жұмыстар толығымен аяқталған. Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы 73 млн. теңгеге 3 дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.