A place where you need to follow for what happening in world cup

Қордай тұрғындары «Діни мәселелер» тобының мүшелеріне өтініштерін айтты

0 88

«Діни мәселелер» тобының мүшелері «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалында тұрғындарды қабылдады, — деп хабарлайды Tugyr.kz.

Облыс әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров және облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, проблемалық мәселелердің шешу жолдарын қарастырды.

Кездесуде ауыл ақсақалдары мешітте жамағатпен намаз оқу мәселесін көтерді. Бас имам бұл өзекті мәселе екенін айтып, тікелей Муфтияттың бұйрығы болмайынша рұқсат жоқ екенін жеткізді. Қоғамдық қабылдауға дінтану пәнінің мұғалімдері келіп, сертификат алу мәселесін көтерсе, жастар діни сауат алу курстары мәселесін сөз етті. Жангелді Омаров және Бейбіт Мырзагелдиев әр сұраққа жеке тоқталып, тиісті жауаптарын берді.

Айталық, аймақта ұлтаралық татулық пен келісімді сақтау және нығайтуға бағытталған «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар легі жалғасын табуда.

Аталмыш топ ауданның бірнеше ауылдық округтерінде болып, жергілікті халықтың бүгінгі тыныс-тіршілігімен жіті танысуды жоспарлаған болатын. Бүгінгі шара бастамасы болып отыр.

Облыс әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров жетекші еткен «Діни мәселелер» тобының құрамында дін істері басқармасының мүшелері, беделді имамдар және теолог-дін мамандары болды.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.