A place where you need to follow for what happening in world cup

Қордайда егістік көлемі артып келеді

0 66

Қордай ауданы бойынша биыл 60 600 гектар жерге егіс егілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда жоғары көрсеткіш. Жыл өткен сайын аудандағы суармалы алқап көлемі ұлғайып келеді, — деп жазады tugyr.kz.

Қордай ауданының тұрғыны Карим Миванчин 16 соттық жерге картоп еккен. Сапалы әрі мол өнімге қол жеткізу үшін ауыл еңбеккері жанұясымен аянбай еңбек етіп келеді. Ол ерте көктемде жоғары сұрыпты картоп тұқымын егіп, қазір өнімнің жартысын алып үлгерген.

— Қазір картопты қазып жатырмыз. Түсім жаман емес. Өткеру жағынан ешқандай мәселе жоқ, дүкендер мен сауда орталықтары 90 теңгеден қабылдап жатыр. Алқаптан екі рет өнім жинауға болады. Осыдан кейін жерді өңдеп орамжапырақ пен ақжелкен, салат жапырағын өсіреміз,-дейді Карим Миванчин.

Қордай ауданында егістік көлемі де артқан. Мәселен, биыл 42 700 гектар жерге жаздық арпа себілген. 5 800 гектар жерге көкініс, 3 200 гектарға картоп, 2346 гектарға майлы дақылдар отырғызылған. Сондай-ақ, 150 гектар жерге қант қызылшасы және 700 гектар аумаққа бақша дақылдары егілген.

— Бүгінгі таңда жаздық арпа мен бидай толықтай орылды. Көкөністер пісіп, жиын терін жұмыстары жалғасуда. Қант қызылшасынан да жоғары түсім күтіліп отыр. Облыс әкімінің суармалы жерлерді қайта айналымға қосу жұмыстары бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Биыл күз айларында өңделетін егіс алқаптарының ауқымы тағы ұлғаяды,-дейді Қордай ауданы ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Берік Әділханов.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.