A place where you need to follow for what happening in world cup

Қордайда қосалқы шаруашылықтар саны артып келеді

0 101

Қордай ауданындағы Әлжан ана ауылы тұрғындарының басым көпшілігі шағын және орта кәсіппен, мал шаруашылығымен айналысады. Бұған ауылдың «Алматы-Тараз» тас жолының бойында орналасқандығын қосыңыз. Жол бойы қашан да қызу тірлікке толы. Ал, былтырдан бастап ауыл халқы үй маңындағы қосалқы шаруашылықты дамыта бастады, — деп хабарлайды Tugyr.kz.

Қосалқы шаруашылық — қосымша табыс көзі. Әлжан ана ауылында да өзінің алақандай ауласынан мол табыс тауып отырған жандар жетерлік. Солардың бірі Тілеумұратовтардың отбасы. Үй маңындағы шағын жерге қияр мен қызанақ еккен шаруа көкөністі сатып алмайды. Қазір жаздық алманы жинап үлгерсе, күзде пісетін жемістерге күтім жасауда.

Ауыл тұрғындарының басым көпшілігі өз үйіндегі шағын мал бордақылау кешенінде төрт-түлікті семіртіп сатады. Олардың ендігі тілегі қарапайым заттар экономикасы бойынша жеңілдетілген несие алу. Бұл шаруалар үшін үлкен демеу болмақшы. Мәселен: Талғат Есенбеков ауылда тұрған адам кәсіптің барлық түрімен айналысу керек дейді.

-Ауылда жасалып жатқан мүмкіндік көп. Мемлекеттен де қолдау көп. Қай кәсіптің түрімен айналыссаңыз да жеңілдетілген несие беріледі. Бұл біз сияқты тұрғындарға да тиімді,-дейді Талғат Есенбеков.

Үй маңындағы бос жатқан жерлерді тіиімді игеру жұмыстары биыл Қордайдағы Жамбыл ауылында жүзеге асса, келер жылдан бастап өзге де ауылдарға несие беріліп, халықтың әл ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.