Қордай ауданындағы төтенше жағдай кезінде зардап шеккен нысандарды қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын. Жалпы ауылда 65 нысан бүлінсе оның 46-сы тұрғын үйлер болатын. Қазіргі таңда тек бастапқы жобаға өзгеріс енгізіп, шаңырақтарын кеңейтіп жатқан азаматтардың ғана үйлері жөнделуде , — деп хабарлайды Tugyr.kz.
Масаншы ауылының қақ ортасында тұратын Хуровтар отбасының үйі Қордай оқиғасы кезінде қатты бүлінген болатын. Алайда мемлекет қолдауының арқасында қазір бұл жанұя үйдің тек ішкі бөлігінің әрлеу жұмыстарын ғана жүргізуде. Қалған тірліктер толық аяқталды.Отбасы мүшелері үйіміз өртенген кезде далада қалып едік, енді су жааңа үйге кіретін болық деп қуанып отыр.
— Біздің ауыл керемет табиғат аясындағы қолайлы жерде орналасқан. Мұнда жұртшылық жер игерумен айналысады. Қазір бүлінеген үйлер толығымен жөнделіп жатыр. Жол болмаған көшелерде асфальт төселді. Енді газды күтудеміз. Мұндай жағдай ауыл тарихында иүлдем болмаған еді, — дейді Масаншы ауылының ақсақалдар алқасының төрағасы Дыдыр Двумаров.
Сондай-ақ, Лутор әулетінің үйі әзірге 60 пайызға аяқталған. Оның басты себебі үй иесі бастапқы жобаға өзгеріс еңгізіп, үйінің көлемін ұлғайтып жатыр.Алайда мұндай өзгерістер болып жатса, құрылыс уақытыда созылады. Қазірде шатыры жабылып, ішкі сылақ жұмыстары жүргізіліп жатқан үй қыркүйек айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.
— 7 ақпанда болған жағдайға байланыстықалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын. Қазіргі таңда 41 үйдің 35-і толық аяқталды. Қалған 6 үй 80 пайызға атқарылып тұр. Қалпына келтіру жұмыстарын тұрғындардың қалауы бойынша ұлғайтып жатырмыз. Себебі өз қаражаттарын қосып жатыр. Сондықтан құрылдыс сәл кешігіп орындалуд, — дейді аудан әкімі Рүстем Дәулет.
Жөнделіп жатқан үйлерден бөлек мұнда кәсіпкерлік нысандары мен инфра құрылым қалпына келтірілген. Масаншыда су жаңа мектептің құрылысы жүргізілп жатса, 41 көшеге асфальт төселуде. Сонымен қатар, жақын күндері көгілдір отыныда кіргізіледі.
Бұған қоса ауылда демеушілер көмегімен 1 жыл бұрын балалар алаңқайы салынған. Ауылдағы құрылыс жұмыстары ай соңына дейін аяқталады деп күтілуде, ал инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жыл бойына жалғаса береді.