A place where you need to follow for what happening in world cup

Қош бол, әріптес, бауыр, жан аға!

0 730

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары, облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі Тілеумұрат Шәбден Тоқтасынұлы 65 жасына қараған шағында өмірден озды.

Аяулы әріптес, асыл ағаның қазасы қабырғамызды қайыстырды! Марқұмның отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.

Шәбден Тілеумұратұлы 1956 жылдың 17 сәуірінде Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Қайрат ауылында дүниеге келді.

Ол өзінің саналы ғұмырын Жамбыл облысының жандану жолына арнап, оның саяси өміріне өлшеусіз үлес қосты.

2013 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Әр жылдары ауылдық округ әкімі, аудан әкімінің орынбасары, аудандық мәслихат хатшысы қызметтерін абыроймен атқарды.

2009 жылдың желтоқсан айынан бүгінге дейін «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Төрағасының орынбасары еді. Тас түскен жеріне ауыр. Ауыр қазамен бетпе-бет келген марқұмның жақындарына Алла сабыр берсін! Артында қалған ұрпақтары аман болып, әке жолын жалғай берсін! Алла алдыңыздан жарылқасын! Жатқан жеріңіз жарық болсын, жақсы аға!

 

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының ұжымы

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.