A place where you need to follow for what happening in world cup

«Пайдамды тигіземін»: Абаев мәдениет министрі болып тағайындалуы жөнінде пікір білдірді

0 130

Дәурен Абаев өзінің мәдениет және спорт министрі болып тағайындалуы жайында пікір білдірді.

«Неліктен дәл мені тағайындағаны туралы баға беру өзіме қиын. Бұл шешімді президент қабылдады», — деді Абаев.

Министр осы лауазымға тағайындау туралы президенттің шешім қабылдауына өзінің «менеджерлік қабілеті» әсер еткен болуы мүмкін деген пікірде.

«Мен барлық саладан бірдей алшақпын, сондықтан пайдамды тигіземін», — деп түйіндеді Абаев өз сөзін. Еске сала кетсек, Дәурен Абаев жаңа қызметке 11 қаңтарда министрлер кабинетінің жаңа құрамын жасақтау кезінде келді.

Сонымен бірге, бүгін мәдениет министрлігінің басшысы 2022 жылғы Олимпиада қорытындысы бойынша кадрлық шешімдер қабылдануы мүмкін екенін хабарлады.

Nur.kz 

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.