A place where you need to follow for what happening in world cup

Пандемия — жамбылдық жастардың білім алуына кедергі емес

0 226

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында қолжетімді әрі сапалы білім беру мәселесін баса көтерді. Президент: «Коронавирус індетінің салдарынан дүние жүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқуға көшті. Бұл жұмыстың тәсілі мен мазмұнын түбегейлі өзгертуде. Дегенмен, сапалы білім алу үшін әдеттегідей сабаққа қатысып, мұғалімдермен және сыныптастармен араласудың орны бөлек. Сондықтан, санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеген жөн», — деп нақты мақсатты міндетті де айқындап берді. Бұл ретте Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі жаңа оқу жылына үлкен дайындықпен келді.   

Аудандық білім бөлімінің берген ақпаратына сүйенсек,  жаңа оқу жылында 16701 оқушыны қамтитын 38 мектеп жұмысын бастапты. Шағын жинақталған мектептер мен оқушы саны 250-ден төмен 16 мектепте 1295 оқушы дәстүрлі түрде оқыса, 22 мектепте 15406 оқушы қашықтан білім алуда. Қашықтан оқытатын мектептердің бастауыш сыныптарында кезекші сыныптар ашылған. Аудандағы ғаламторы жоқ жалпы саны 1100 аз қамтылған отбасылардың сұранысына сәйкес, аудандық бюджеттен 21 миллион  120 мың теңгеге 1100 роутер сатып алынып, үлестірілген. Бұдан бөлек, аудандық білім ордаларының теңгеріміндегі 2093 компьютер уақытша оқушыларға қолданысқа беріліп отыр.

Оқушыларды оқулықпен қамту үшін 190 миллион  теңгеге 114697 дана оқулық сатып алынып, мектептерге таратылған.

Пандемияға байланысты мұғалімдер мен оқушылардың санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аудандық бюджеттен қосымша қаралған қаражатқа 309 жылжымалы кварц, 46 дезинфекциялық тунель жабдығы мен залалсыздандыру төсеніші, 49 тепловизор құрылғысы, 2470 литр антисептик сұйықтығы да сатып алынған.

Осылайша аудандық білім бөлімі жаңа оқу жылын жүйелі бастап, оқушылардың білім алуына бар мүмкіндік жасауда. Бүгінгідей қиын әлемдік пандемия кезінде бұл сөз жоқ ұрпақ келешегі үшін жасалған игі қадам.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.