A place where you need to follow for what happening in world cup

Парасаттылық департаментінің басшысы СК-Фармация өңірлік филиалының жұмысымен танысты

0 183

12 қараша күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Парасаттылық департаментінің басшысы Ғанижан Асанұлы және Агенттік жанынан құрылған ақпараттық үгіт-насихат штабының төрайымы Ырза Тұрсынзада Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді.

Жұмысшы топ іс-сапар барысында Парасаттылық департаментінің басшысы Ғ.Асанұлы СК-Фармация мекемесінде болды.

Мекемеге жүргізген мониторинг жұмыстары барысында департаментінің басшысы дәрі қоймалары мен резервтік қорлардың індеттің ықтимал екінші толқынына дайындығымен танысты.

СК-Фармация өңірлік филиалының директоры Айжан Тортаева дәрі қоймалары мен резервтік қорлардағы дәрілік заттар індеттің ықтимал екінші толқынына толық дайын екендігін жеткізді. Қойма өкілдерінің сөзіне сүйенсек, қоймадағы дәрілік заттар облыстағы медициналық ұйымдарға тартылады.

Өңірлік қойманың бүгінгі жәй-күйімен танысқан Ғанижан Асанұлы дәрі-дәрмектердің толықтығын жіті бақылап, пандемияның бірінші толқынындағы тәжірибені ескере отырып, COVID-19 індетін емдеу бойынша препараттар тапшылығын болдырмау мақсатында тиісті шаралар қабылдап, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың қажетті көлемінің болуына және бағасының негізсіз өсуінің алдын алу мақсатында мониторинг жұмыстарын жалғастыру қажеттігін атап өтті.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.