A place where you need to follow for what happening in world cup

Партияның аумақтық сайлауалды штабы ашылды

0 200

Бүгін «Nur Otan» партиясының Шу ауданындағы аумақтық сайлауалды штабының ашылу салтанаты өтті. Аудан орталығында өткен салтанатты шараға «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қоғамдық штаб төрағасы Болатхан Ниязбеков, саяси кеңестің мүшесі, партия ардагері Доғдырбай Байбатшаев және штаб мүшелері мен еріктілер қатысты.

Штабтың ашылуында сөз сөйлеген Болатхан Кемелбайұлы үгіт-насихат жұмыстарының барлығы да ашық диалог негізінде жүргізілетіндігін жеткізді.

– Аудандық аумақтық сайлау комиссиясында біздің 32 кандидаттан тұратын партиялық тізіміміз тіркелді. Оның ішінде 27 үміткер праймериз жеңімпаздары болса, қалған 5 адам партия филиалының квотасы бойынша тіркеліп отыр. Шу ауданындағы аумақтық сайлауалды штабының құрамына 16 адам кірген болса, олардың 12-сі сайлау науқанын өткізу тәжірибесіне ие азаматтар. Тағы бір айта кетерлігі, республикалық сайлауалды штабтың бекіткен желілік кестесі бойынша біз 102 іс-шара, 36 офлайн іс-шара өткізуді және оған екі мыңнан аса адамды қамтуды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде 15 тікелей және 29 онлайн форматтағы кездесулер өтпек. Айта кету керек, елдегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, аталған іс-шаралардың барлығында санитарлық талаптар қатаң сақталатын болады, — деді Б.Ниязбеков.

Сонымен қатар, штаб төрағасы сайлауда жеңіс жету партия мүшелігіндегі әрбір адамның біліктілігі мен жауапкершілігіне, өз ісіне деген адалдығына тікелей байланысты екенін де тілге тиек етті. Партия төрағасы, Елбасы Н.Назарбаев та барлық үміткерлер сайлау науқанына белсенді атсалысуы қажет екендігін нақты белгілеп берген болатын. Бұдан бөлек, партия кандидаттары уақытының 20 пайызые сайлауалды бағдарламасын түсіндіруге арнаса, қалған 80 пайызды сұрақ-жауапқа арнауы қажет. Осындай ұстаным арқылы үміткерлер партияның осы заманғы сын-қатерлерге батыл жауап беретін және барша қазақстандықтардың сеніміне лайықты нақты істер партиясы екенін дәлелдеуге тиіс. Оған қоса, үміткерлер нақты сауалдарға тұтастай жауап беріп, көкейіндегісін мейлінше ашық жеткізуі тиіс.

Сайлауалды штабтың ашылуында  штаб мүшелері мен ерікті жастар партияның негізгі мақсат-міндеттері жолында аянбай еңбек ететіндіктерін жеткізді. Ағымдағы айдың 10-да сағат 18.00-ден басталған үгіт-насихат жұмыстары алдағы уақытта одан әрі қарқын алып, үміткерлердің де белсендігілі арта түспек.

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысы Шу ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.