Бүгінде жалпыхалықтың аса зор сеніміне ие болған «Nur Otan» партиясы өткен жылы Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Сенім.Диалог.Болашаққа нық қадам» атты партия бағдарламасы талаптарын орындау мақсатында 2020 жылдың 17 тамызында ішкіпартиялық іріктеу праймеризін бастап кеткені көпке аян.
Қоғам өміріндегі осындай мәні жоғары, мәртебесі биік айрықша оқиғаға орай «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың барша отандастарына арнаған Үндеуі де жарияланды.
«Nur Otan» партиясының сан-салалы қызметіне тың серпін беретін және партия жұмысын қайта жаңғыртуға бағытталған стратегиялық бағдарламаның түпкі мақсаты партияның еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық қарқынды дамуына барынша үлес қосуға негізделген. Олардың алдыңғы қатарында Тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуіне кепіл болған көпұлтты халқымыздың бірлігі мен мемлекет тұтастығын сақтау құндылығы тұр. Осындай қоғам алдында тұрған аса жауапты мәселелер барша қазақстандықтар сияқты Байзақ ауданының әрбір тұрғыны, оның ішінде«Nur Otan» партиясы мен «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері алдына да үлкен жауапты міндеттер жүктейді.
Бүгінде «Nur Otan» партиясының Байзақ аудандық филиалы ішкіпартиялық праймеризді өткізуді арнайы жасалған күнтізбелік жоспарға сай жүргізуді қолға алып отыр. Осы партиялық маңызы зор шараларды сапалы ұйымдастыру мақсатында арнайы құрылған ұйымдастыру комитеті белсенді жұмыстарын бастап кетті.
Кандидаттар праймеризге демократиялық үрдістерге негізделген талаптар аясында өздері есепте тұратын бастауыш партия ұйымдарының және өзін-өзі ұсыну жолымен қатыса алады. Бұл жағдайда «Мықты лидер – мықты партия» қағидаты мен партиялық құндылықтарды берік ұстанытын және сайлау құқығы бар кез-келген ел азаматы үміткерлер қатарында бола алады.
Үміткерлерді тіркеу жұмыстары аяқталған соң ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінен 3 қазан аралығында үгіт жұмыстарын жүргізеді. Бұл тұста үміткерлер арасында өзара жария пікірсайыстар өткізіледі. Ал, дауыс беру құқығына ие болған аудандағы 4332 «Nur Otan» партиясының мүшесі 1-ші және 2-ші қазан күндері онлайн жүйеде, 3-ші қазан күні дәстүрлі қағаз бюллетень арқылы дауыс береді деп жоспарлануда. Қазіргі таңға ауданда 8 жария пікірсайыс өткізу және 16 дауыс беру орындары белгіленді.
Ендігі алда тұрған ең басты мақсат – ел өміріндегі тұңғыш рет қолға алынып отырған ішкіпартиялық праймериздің қорытынды нәтижесі бойынша алдағы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауындағы партиялық тізімге ең лайықты деген көшбасшы кандидаттарды іріктеу мен енгізу және анықтау болып табылады. Осындай маңызы зор саяси шараға Байзақ ауданындағы «Nur Otan» партиясы мен «Jas Otan» жастар қанатының мүшелерін және партия саясатын қолдаушы жақтастарын шақырамын.
Нұржан Нұржігітов,
Байзақ ауданының әкімі