A place where you need to follow for what happening in world cup

Президент Паралимпиада чемпионына құттықтау жолдады

0 101

Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Паралимпиада ойындарының чемпионы Зульфия Габидуллинаның шаңырағына арнайы кіріп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен өзінің ізгі лебізін жеткізді.


Мен сізге Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы құттықтауын жеткізгім келеді. Сіздің мінезіңізді, төзімділігіңіз және еңбекқорлығыңызды құрметтейміз. Сіз тек даңқты спортшы ғана емес, адам ретінде де көпке үлгісіз. Мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіп, өз қаражатыңызға балаларға арналған спорт алаңын салдыңыз. Басқа да игі істермен айналысып келесіз,-дей келе облыс әкімі Зульфия Габидуллинаны мерекемен құттықтап, оған гүл шоғын және Мемлекет басшысының құттықтау хатын табыс етті.
Мен үшін облыс әкімінің өзі үйге келіп лебізін білдіруі, ел Президентінің құттықтау хаты тосын сый болып отыр. Арнайы көңіл бөлгені үшін шын жүректен ризамын. Сондай-ақ, барша әйелдер қауымын әрдайым жарқын өмір мен ізгілік тілеймін, — деді З. Габидуллина.
Иә, мереке қарсаңында толағаймызға жасалған құрмет, сөз жоқ бас бармақпен бағалауға тұрарлық.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.