A place where you need to follow for what happening in world cup

Рүстем Дәулет еңбегі сіңген азаматтарға ҚР Президентінің мерекелік медалін табыстады

0 164

Қордайда Конституцияның 25 жылдығы жоғары деңгейде аталып өттіп, аудан әкімі бірқатар тұрғындарды марапаттады, деп хабарлайды “Tiger.kz”.

Биыл Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдағанына 25 жыл толады. Еліміздің ел болып, керегеміздің кеңейіп, шаңырағымыздың нығайып, тәуелсіздігіміздің одан әрі шыңдалуына септігін тигізген Ата-Заңымыздың алатын орны ерекше.

Аудан әкімдігінде өткен салтанатты жиында Рүстем Дәулет іс-шараға қатысушыларды төл мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.

Ата Заң біздің адамдық қадір-қасиетімізге қол сұғылмауына, тіліміз бен дініміздің дамуына, ар-ождан бостандығын қорғауға, адал еңбегімізбен тапқан мүлкіміз бен меншігімізді сақтауға кепілдік беретінін атап өткен аудан басшысы марапаттау рәсімін бастады.

Өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді абыроймен атқарғаны, отан алдындағы игі істері мен жауапкершілігі, кәсібіне деген адалдығы үшін айтулы мерекеге орай «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медалімен келесі азаматтар марапатталды: Е.Бозжаев, Д.Айтқожын, С.Қашағанов, Д.Двумаров, К.Сәрсенбаева, І.Буларов, С.Қожамқұлов, Ж.Ещиғанов, Ж.Манасбаев, Х.Абдуллаев, Г.Айтқұлова, Е.Сатылғанов, С.Сидоренко, А.Изаева, Д.Молдағалиев, А.Ахметова, А.Өмірбек, Г.Әжмиева, Ш.Сабанова, Е.Әуелбеков, Р.Әмірханова, Г.Сұлтанова және А.Сәттібаев.

Ал, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» медалімен Т.Апаева, Л.Харченко, М.Лочь, А.Идыбо марапатталды. Сонымен қатар, Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасы М.Асанқұловқа, Алғыс хаты Л.Нуркееваға тапсырылды.

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының Құрмет грамотасымен Г.Молдажанова және Қ.Уәлиева марапатталса, Қордай ауданы әкімдігінің Құрмет грамотасы М.Әлімбаев пен Р.Джинлироваға ұсынылды.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.