A place where you need to follow for what happening in world cup

Рақымшылыққа байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді

0 96

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде халыққа арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында қаңтар оқиғасына қатысқандарға бір реттік рақымшылық жасау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген болатын. «Бізге ел бірлігі ауадай қажет. Ереуілге қатысқандар да, күштік құрылым қызметкерлері де – өз азаматтарымыз. Олар сот әділ өтеді деп қана емес, қоғам кешірімді болады деп үміттеніп отыр. Мемлекет қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдетті. Заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отыр. Оларға кешіріммен қараған дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан мен қаңтар оқиғасына қатысушыларғаи бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым», — деді Мемлекет басшысы.

Бүгін өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты №26 түзеу мекемесінде қаңтар оқиғасына қатысқандарға бір реттік рақымшылық жасау туралы шешімге сәйкес арнайы жиын өтті. Басқосуға мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі Бақтияр Оңбаев, сотталғандар тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы әділет майоры Мадияр Маханов және арнайы есеп бөлімінің аға инспекторы Арайлым Саттибаева қатысып, жазасын өтеушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді. ҚАЖ қызметкерлері мұндай рақымшылық қаңтар оқиғасына қатысқандардың барлығына бірдей берілмейтінін атап өтті.

Айта кету керек, оқиғаға қатысты айыпты деп танылып, сотталғандарға рақымшылық жасау туралы шешім сот тарапынан әр адам үшін жеке қабылданатын болады.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.