«Қарлығаш» бөбекжай-бақшасында Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ашық оқу қызметтері өткізілді. Мақсаты: Балалардың бойында ұлттық ұлттық сана сезімді ояту, жас ұрпақ санасына туған халқына, жеріне деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. Мектепке дейінгі ересек жас «Құлыншақ» тобында «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбында ұйымдастырылған ашық оқу қызметі өткізілді. Мектепалды даярлық «Балдәурен» тобында «Ою-өрнек сыры» ұйымдастырылғн ашық оқу қызметі мен «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысы өткізілді.
Мектепке дейінгі орта жас «Балапан» тобының тәрбиеленушілері Ақылбек Бейбіттің ғылыми жобасы «Ат әбзелдері» және Ергенбай Аружанның «Әшекей бұйымдар» атты ғылыми жобалары қорғалды. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру: Кемел келешек кепілі» тақырыбыда музыка жетекшісінің ұйымдастыруымен музыкалық концерттік бағдарлама өткізілді. «Рухани жаңғыру ұлттық рухтың жаңғыру» атты ата-аналар мен тәрбиешілердің жасаған қолөнерлерінен көрме жасалды.
алдыңғы