Таразда қатаң тәртіптегі түзеу мекемесіне ірі көлемде тыйым салынған зат кіргізбек болғандардың ісі әшкере болды. Жамбылдық 34 жастағы ер адаммен 26 жасар келіншек өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/4 мекемесінің аумағында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерліктің біріне құрылыс материалдарын кіргіземіз деген сылтаумен заңға қайшы іс-әрекетке барған.
Жедел ақпарат негізінде әрекет еткен мекеме қызметкерлері құрылыс материалдарын тексеру барысында фанер тақталарының ішіне жасырылған тыйым салынған заттарды анықтады. Атап айтқанда, 4 дана фанер тақталарының ішінен 778 дана мөлшерінде белгісіз ақ дәрі-дәрмек, 20 пакет мөлшерінде ерекше иісі бар өсімдік тектес жасыл зат, 2 кішкентай пакет ақ ұнтақ, 1 пакет пластилинге ұқсас қара зат, целлофан пакетінде белгілі бір иісі бар жасыл ұнтақ, 13 ұялы телефон
және 2 бірлік ұялы телефон батареясы мен кселл ұялы операторының 10 дана сим-картасы тәркіленді.
Айта кетейік, қазіргі таңда осы іске мекемеде жазасын өтеушінің қатысы бар екендігі анықталып отыр. Енді заңды белшесінен басқандардың үстінен ҚР ҚК-нің 297 бабының 1 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі