A place where you need to follow for what happening in world cup

С.Арубаев: Бала денсаулығына ең бірінші ата-ана жауапты

0 2 699

Бүгін Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев бастаған мемлекеттік қызметшілер аудандық орталық емханаға ұл-қыздарымен келіп, коронавирус инфекциясын алдын алу мақсатында жасөспірімдерге салынып жатқан америкалық «Pfizer» вакцинасын ектіртті.

Өңір басшысы бала денсаулығына ең бірінші ата-ана жауапты екенін айтады.

– Отбасыда қызым — Әминадан басқасы коронавирус індетін алдын алу үшін вакцинациялаудан өткенбіз.
Бүгін жергілікті емханаға келіп, вакцинация салу процесіне өзім куә болдым. Жарты сағат дәрігерлердің бақылауында болды. Ешқандай жайсыздық немесе ауыртпалық сезінбеді.
Осы орайда ата-ана қауымына бала келешегі мен өмірі, оның денсаулығына ең бірінші мына біздер, яғни ата-аналар жауапты екенін айтқым келеді, – дейді Сәкен Қаланұлы.

Жалпы Жамбыл аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Нұрмахан Мәуленовтың айтуынша, өңірге жеткізілген 2220 доза «Pfizer» екпесінің 1711 дозасы салынған. Оның ішінде 12-17 жас аралағындағы жасөспірімдерге 1255, жүкті әйелдерге 145, бала емізетін аналарға 311 доза салынған.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.