A place where you need to follow for what happening in world cup

Салғырттық сан соқтырмасын

0 105

Судағы қауіпсіздікті сақтау мақсатында «Сеңгірбай» су айдынында рейд жұмыстары ұйымдастырылды.

Аталмыш рейдке аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, учаскелік полиция, «Аса адалдық алаңы», мектеп, жергілікті әкімшіліктің мамандары мен еріктілер қатысты.

Жиын барысында «Аса адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Жандар Тоқсаба суға шомылу маусымы кезеңіндегі бақытсыздық жағдайлар мен оқыс оқиғалар және оның алдын алу туралы саяжай маңындағы демалушыларға түсіндіріп өтті.

Рейдтің мақсаты – тұрғындардың судағы жүріс-тұрыс қағидаларын сақтауы. Өйткені тұрғындармен профилактикалық әңгіме жүргізу, қайғылы салдар статистикасымен танысу өңірдегі су объектілерінде төтенше жағдайларды болдырмауға көмектеседі.

Сондай-ақ, жағалауда суға шомылу маусымы кезеңінде судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау, балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмау, олардың жауапкершіліктері жөнінде 200-ден астам үгіт-насихаттық үнпарақтары таратылып, тұрғындармен әңгіме өткізілді.

Біздің басты міндетіміз – су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу, суға шомылу кезінде адамдардың қаза болуына жол бермеу. Бұл жұмысымыз оң нәтиже беретініне сенімдімін, – деді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Расул Султанов.

Төтеншеліктердің айтуынша, ең әуелі әр адам жауапкершілікті өзінен бастағаны жөн. Қауіпті аймақтарға жоламау, балаларды иесіз қалдырмау, су айдындары жағалауларында спирттік ішімдіктерді қолданбау – бұл қауіпсіздік шараларының алғышарттары.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.