A place where you need to follow for what happening in world cup

Сала ардагері жастармен кездесті

0 119

ҚАЖ саласының дамуына сүбелі үлес қосып, жалындаған жастық жылдарын осы саланың дамуына арнаған ардагерлер өскелең ұрпақ үшін әрқашан үлгі. Өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесінде өткен кездесу осындай ойға жетелейді.

Кеш қонағы әділет майоры шенінде зейнетке шыққан Мәулен Есқабылов бұл салада 2003 жылдан бастап қызмет атқарған. Мәулен Сатжанұлы әр жылдары бақылаушылық қызмет бөлімінің бақылаушысы, наряд бастығының аға маманы, бөлім және жасақ бастығы сондай мекеме бастығының кезекші көмекшісі ретінде жұмыс істеген. Кездесу барысында сала ардагері күн сайын құрметке бөленудің жалғыз жолы — еңбек жолында кездескен түрлі қиындықтарға мойымау, өзіңе жүктелген міндетті мүлтіксіз орындау екендігіне тоқталды.

Бұдан кейін жастар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, оған тұщымды жауап алды. Олар өмірлік тәжірибесі, ақыл-кеңесі, тағылымдарымен бөліскен алдыңғы буын өкіліне ризашылықтарын білдіріп, мекеме бастығының Алғыс хатын табыс етті.

Нұрдана Әбілқасым,
ЖД-158/5 мекемесі кадр саясаты тобының аға инспекторы

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.