Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі мен білім беру қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Е.Тәжібаев Ұстаздар күніне орай көп жылдар бойы қызмет атқарып, бүгінгі күнде бейнетінің зейнетін көріп отырған сала мамандарын үйлеріне құттықтап барып қайтты.
Аталған шарада ардагер ұстаздар мектепте өткізген өмір жолдарын еске алып бір марқайып қалды. Олардың қатарында Қ.Сартбаев атындағы орта мектебінен зейнетке шыққан биология пәнінің мұғалімі Жақсыкүл Төренова, №1 орта мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі Перизат Телибаева, Төле би орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Ибраева Мираш,№1 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Тәжібаева Култай, Гродеково орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Оспанқұлов Құрман,Айтиев орта мектебінің кітапханашысы Кашкенова Майко,М.Төлебаев атындағы саз мектебінің мұғалімі Сыздыкова Мейрамкүл, №1 орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Акимбекова Тәтіш және Амангелді орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Ташмұханбетова Пернекул бар.
Көп жыл білім саласында еңбек еткен ұстаздар өздеріне көрсетілген ілтипат-құрметке разы болып, алғыстарын білдірді. Иә, шәкірт тәрбиелеп, ағартушылық салаға аянбай тер төккен жандар қандай мақтауға да лайық!