A place where you need to follow for what happening in world cup

Сарысу ауданына жаңа әкім тағайындалды

0 128

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Марат Сұлтанғалиев Сарысу ауданының әкімі қызметін атқаратын болды.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев күні кеше аудан активінің жиынына онлайн режимінде қатысып, жаңа басшыны таныстырған болатын.

«Сарысу ауданының мүмкіндігі мол. Ең бастысы, халықтың әл-ауқатын жақсарту, экономикасын дамытуға күш салу керек. Бұл ретте инвесторлармен жұмысты үдету маңызды. Марат Қырғызәліұлының алдына қойылған мақсаттардың бірі осы. Сондай-ақ ауданға көгілдір отын жеткізуді жеделдету қажет»,- деп атап өтті аймақ басшысы.

Ал, бүгін облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек ауданымызға келіп, жаңа әкімді таныстырды.

Облыс басшысының артқан жауапкершілігін тағы бір қайталап, қызметіне сәттілік тіледі.

Марат Сұлтанғалиев өзіне артылған сенімді ақтауға тырысатынын жеткізді.

Содан соң аудан әкімі өз қызметіне кірісіп те кетті.

Барлық мекеме-кәсіпорын басшыларымен танысып, сенбі күнге қарамастан әлеуметтік нысандарды аралауды жалғастырды.

Орталық жылу қазандығы, құрылыс, сауда орындары мен қоса жол мәселесі де назарынан тыс қалмады.

Марат Сұлтанғалиев жұмыла көтерген жүк жеңіл деген, олай болса баршаңызды бес саусақтай жұмылып, ел ертеңі үшін қызмет етуге шақырамын деді.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.