A place where you need to follow for what happening in world cup

Сарысу ауданында “Абай-өлең, өнер кемесі, əн желкені” атты байқауы өткізілді

0 169

Сарысу аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы, қазақтың жазба əдебиетінің жəне əдеби тілінің негізін салушы сазгер-Абай Құнанбаевтың 175, Жамбыл облысының 80 жылдығына арналған “Абай-өлең, өнер кемесі, əн желкені” атты Абайдың өлеңдері мен əндерінен аудандық əн-жыр байқауы өткізілді ,  – деп хабарлайды «tugyr.kz» Ақпараттық Агенттігі.

Байқауға барлығы 27 үміткер қатысып, Абай атамыздың өлеңдері оқылып, əндері шырқалды.
Қазылар алқасының нəтижесі бойынша Абай өлеңдерін оқудан бас жүлдені Игілік ауылынан Фазылова Қарақат, 1 орынды Жайылма ауылынан Байдүйсен Назым, 2 орынды Игілік ауылынан Əбілова Алина, 3 орынды Жаңаарық ауылынан Болат Аяулым иеленді.

Абайдың əндерінен 1 орынды Жайылма ауылынан Иматай Ерсұлтан, 2 орынды Өндіріс ауылынан Тұрысбек Мейірім, 3 орынды Саудакент ауылынан Байболова Аяулым иеленді.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.