A place where you need to follow for what happening in world cup

Сарысу ауданында Алғыс айту күні ерекше аталып өтті

0 121

30-дан астам ұлт өкілдері тұратын Сарысу ауданында 1наурыз – Алғыс айту күні ерекше аталып өтті, — деп хабарлайды «Tugir» ақпарат агенттігі.

Алдымен бүгінгі күннің маңызы мен мәні, тарихы бейнеленген тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына тағзымы мен ризашылығы бейнеленген сахналыққойылым көрсетілді.
Бірлігі мен ынтымағы жарасқан өзге ұлт өкілдерінің өнерлерін көппен бірге аудан әкімі Қанатбек Мәдібек те тамашалады. Жиналған жұртшылықты аудандық мәслихат хатшысы Сағымбек Бегеев құттықтады.

Салтанатты шара Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» атты шығармасынан театрландырылған көрініске ұласты.

Өз кезегінде аудандағы ынтымағы мен бірлігі жарасқан бауырластар да ізгі тілектерін білдіріп, алғыстарын айтты.

Тілі өзге болса да тілегі бір, өзге ұлт өкілдері өз тілері мен қатар қазақ тілінде де сөйлеп, Отанға деген алғыстарын жеткізді.
Сарысуды саялы мекеніміз деп білетін этнос өкілдері ән- жырдан шашу шашып, жиынды мерекелік думанға ұластырды.

Осы күні ауданның барлық аумақтарында кәсіпкерлер мүмкіндігі шектеулі, жалғызбасты қарияларға сый – сияпат жасап, тегін нан, азық-түліктер таратылып, айтулы күнде ізгілік көрініс тапты.

Достық пен ынтымақ, бірлік пен тірлік, ән мен жыр айтылған айтулы күнді 30-ға жуық ұлттар өкілдері өмір сүріп жатқан Сарысулықтар керемет көңіл күйде қарсы алды.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.