A place where you need to follow for what happening in world cup

Сарысу ауданында минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыт құрылысын жалғастыруда

0 172

Сарысу ауданындағы ресейлік “Еврохим-Тыңайтқыш” компаниясы минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыт құрылысын жалғастыруда ,  – деп хабарлайды «tugyr.kz» Ақпараттық Агенттігі.

Бұл орайда салынатын инвестиция көлемі 1 млрд. АҚШ долларын құраса, жоба жүзеге асқанда 900-ден аса тұрақты жұмыс орны ашылмақ.

Бердібек Сапарбаев “Асыл тұз” тұз компаниясының қызметімен танысып, зауытқа қажетті 1,1 шақырымдық темір жол құрылысын салу ісіне көмектесуге уәде берді.

Кәсіпорын үшін шикізат тасымалданатын жолды жөндеу мәселесі өзекті болып отыр. Осы қиындықтардың салдарынан зауыт жылдық қуатына толық шыға алмауда.

Сондай-ақ аймақ басшысы «Yildirim Holding» компаниясының түрік инвесторларымен кездесті. Олар жылына 400 мың тонна кальцийленген сода шығаратын зауыт соғуға, өңір экономикасына 325 миллион доллар инвестиция салуға ниетті.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.