A place where you need to follow for what happening in world cup

Сарысу ауданында сақтық шаралары күшейтілді

0 81

Коронавирус індетінің таралуына байланысты Сарысу ауданында сақтық шаралары күшейтілді , – деп хабарлайды «tugyr.kz» Ақпараттық Агенттігі.

Инфекциядан қорғанудың ең тиімді амалы – жеке гигиена мен санитарлық тазалықты қамтамасыз ету.
Осыған орай, Сарысу ауданындағы елдімекендер мен қаладағы көпқабатты үйлер, мемлекеттік мекемелер үйі ғимаратының кіре беріс алаңы мен жұмыс кабинеттерінде, сондай-ақ, білім ошақтары мен бірқатар қоғамдық орындарда дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде.
Тек аудан орталығында ғана емес, ауылдық округтерде де қауіпсіздік, сақтық күнделікті жүзеге асуда.
Осындай дезинфекциялау жұмыстары Саудакент ауылында өтті.

Ондағы 12 нысан толықтай залалсыздандырылды.
Бұл шара ертеңде жалғасады.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.