A place where you need to follow for what happening in world cup

Сарысу ауданында тауық жұмыртқасы 30 теңгеден, бөдене жұмыртқасы 50 теңгеден сатылуда

0 135

Сарысу ауданында тауық жұмыртқасы 30 теңгеден, бөдене жұмыртқасы 50 теңгеден сатылуда ,  – деп хабарлайды «tugyr.kz» Ақпараттық Агенттігі.

Былтырғы жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен бірыңғай дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген қаражат, облыстағы азаматтардың кәсіп ашып, еңбек етулеріне біраз септігін тигізген болатын. Сол қолдауға ие болған азаматтардың бірі – Сарысу ауданының тұрғыны бүгінде жеке кәсіпкер Нұржан Оңалбеков.

Бөдене жұмыртқасы және тауық еті мен жұмыртқасының сапалы дайын өнімін шығаруды қолға алған Нұржан Оңалбеков мемлекеттік бағдарламаның гранттық қаржыландыру тетігі бойынша 1,5 млн.теңге қолдау алды.

Кәсіпкер қазіргі таңда ауданның Жаңаталап ауылдық округіне қарасты Ұйым ауылында кәсібін дөңгелетіп,1 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Сондай-ақ, өндірген өнімді Жаңатас қаласының мейрамханаларына өткізуде.

Кәсіпкердің айтуы бойынша бүгінгі күнге дейін 1065 дана тауық жұмыртқасы, 508 дана бөдене жұмыртқасы саудаға шығарылған.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.