A place where you need to follow for what happening in world cup

Сарысу ауданының әкімі көктемгі су тасқынына дайындық шараларын күшейтті

0 88

Апат айтып келмейді. Бүгін Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев аудандағы көктемгі су тасқынына дайындық шараларын күшейтті.

Бірінші қала ішінде аралап, қалың жауған қардан көшедегі арық, атыздарды бақылап, еріген қар суларының қала сыртына ағуын қадағалады.

Сондай-ақ, аудандағы қауіпті аймақтар белгіленіп, бөгеттерді бекіту жұмыстары да қолға алынған.

Арықтар мен құбырлар тазартылмаса, қар тез еріп, маңайдағы үйлерге судың кіретіндігі бесенеден белгілі.

Тасты жаратын тілсіз жауға ештеңе кедергі емес екендігін ұмытпаған жөн.

Сондықтан қар шығару, тазалау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Десек те, тұрғындар тарапынан да осыны ескеріп, айналаларына бір сәт назар аударып, үйілген қарлар мен еріген суды ағызып, сақтық шараларына назар аударғандары жөн екендігін айта кеткеніміз жөн болар.

Дариха Үмбетиярова,

Сарысу ауданы

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.