A place where you need to follow for what happening in world cup

Сарысу ауданының жолдары қардан тазаланды

0 194

Сарысу ауданы көлемінде 2021 жылдың 13 наурызында сағат 11:00 ден бастап калың қар жауып тұр. Осыған байланысты Облыстық маңызы бар жолдарды тазалауға яғни Жаңатас-Байқадам тас жолы; Жаңатас-Ақтоғай шекараға дейің Сарысу жолдары ЖШС-нің тарапынан 2- ЗИЛ 130, 3 –Камаз, 25- тиегіш, 1 – МТЗ 80 техникалары қар тазалауға шыққан.

Қардың қалыңдығы 45-50 см болғандықтан және боран басталғаннан кейін жұмыстар тоқтатылған болатын.

Жаңатас-Ақтоғай бағытында 13 наурызында сағат 10:00-2:00-дің аралығында жолда батып кеткен 8-10 авто көлектірді Сарысу ауданы бойынша төтенше жағдайлар бөлімінің тарапынан жұмыстар жүргізіліп, қалып кеткен адамдардын бәрін түгел алып кеткен болатын.

Жаңатас қаласының ішінде «МирАйСаудакент» ЖШС-нің тарапынан қар тазалау жұмыстары қазіргі уақытқа дейін атқарылуда.

Жұмылдырылған техникалары 1-К 700, 1- МТЗ 80, 1-тиегіш, 1-Камаз, 1- автогрейдер.

Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2021 жылдың 14 наурыздағы сағат 8:10-де №6 шешіміне байланысты ауа райы нашарлауына, қөқтайғақ және боран көтерілгеніне байланысты «Куюк-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас» автожолының 66 -140 шқ аралығында ьарлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілген.

Ауылдық округ әкімшіліктердің тарапынан ауылдардың ішінде тазалау жұмыстары жүргізуде, қар тоқтағаннан кейін құм, тұз себу жұмыстары басталады.

Сарысу ауданы

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.