A place where you need to follow for what happening in world cup

САРЫСУДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 1 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ЖЕТЕДІ

0 106

Сарысу ауданында жыл басынан бері өнеркәсіп өнімінің көлемі 27,8 млрд теңгені құраса, тартылған инвестиция 42,6 млрд теңгеге жеткен. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,3 есеге артық. Аталған көрсеткіштердің негізгі бөлігін «Еврохим» ЖШС мен «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені құрайды.
Бұл туралы ӨКҚ баспасөз мәслихатында Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев айтты. Ол шикізатты өңдеп, ірі өндірісті дамыту бағытында алдағы 5 жылға инвестициялық жобалардың перспестивалық жоспары жасақталғанын да жеткізді. Бұл орайда, жалпы құны 892,1 млрд теңгені құрайтын 13 инвестициялық жобаның пулы әзірленген.
«Мақсатымыз — қосымша жобаларды тарта отырып, инвестицияның көлемін 1 триллион теңгеге жеткізу. Ал агросаладағы өнім көлемі 14,4 млрд теңге болды. 23 815 гектар жер жоспарлы түрде игерілді. Бүгінде 75 шаруа қожалық 1 490 тонна тыңайтқыш алуға келісім-шарт жасасты. Биыл 434,4 млн теңгеге 66 жаңа техника алдық. Келесі жылы қуаттылығы 1 мың тоннаны құрайтын азық-түлік қоймасын салу жоспарда бар. Сонымен қатар ауданда шағын өңдіріс цехтарын ашу көзделіп отыр. Әр елді мекеннің шикізаттық мүмкіндіктерін зерделеп, әр округте 1 зәкірлік жобаны іске асырмақпыз. Қазір 10 жобаның 3-уі басталып кетті», — деді спикер.
Марат Қырғызәліұлы жыл басынан бері кәсіпкерлерге 1,3 млрд теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілгенін айтты. Мәселен, «Бизнестің жол картасы» аясында 995 млн теңгеге 37 жоба жүзеге асса, «Еңбек» бағдарламасы бойынша 54 жобаға 262,5 млн теңге шағын несие ретінде бөлінген. 300 азамат жаңа бизнес-идеялары үшін 175 млн теңге грант алған. Қосымша қараша айында 75 жасқа мемлекеттік грант ретінде 43,7 млн теңге үлестірілген.
Өңірлік коммуникациялар қызметі

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.