A place where you need to follow for what happening in world cup

Сарысуда мобильдік топ түнгі рейдке шықты

0 253

Бүгін Абай атындағы орта мектебі және Мұхтар Әуезов мектеп-гимназиясы бірлескен мобильдік топ түнгі рейдке шықты.

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2020 жылдың 28 қазан күні кешкі сағат 22.00-00.00 аралығында мектеп директоры Кенжебаева Тұмар Сәдібайқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Түсіпова Индира Есенбекқызы, Мұхтар Әуезов м/г директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абуова Лаззат Жолдасбекқызы, денешынықтыру пәнінің мұғалімдері Б.Көшкінбаев, Н.Сатыбалдиев, Е.Аубакиров, Б.Жұмаділ түнгі рейд жүргізілді.

Түнгі рейдтік іс –шарада қала көшелері 1, 2, 3, мөлтек аудандары, қала орталығы бойынша кафе, дүкендерге және бос жүрген жасөспірімдерге бақылау жүргізілді.

Кәмелетке толмағандарға түнде қала кезіп,ойын –сауық орталықтарына кіруге болмайтыны жайлы және студент жастарға әкімшілік құқық бұзушылық туралы ақыл –кеңестер айтылды.

Рейд жүргізу барысында ешқандай кәмелетке толмаған мектеп оқушылары анықталаған жоқ және тәртіп бұзушылық болған жоқ.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.