A place where you need to follow for what happening in world cup

Сарысуда Жұмекен Нәжімеденовқа арналған танымдық кеш өтті

0 199
10 наурыз күні Саудакент ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақ әдебиетінің айтулы ақыны, Қазақстан Жастар сыйлығының лауреаты Жұмекен Нәжімеденовқа арналған «Жұмекен поэзиясы- ұлттық мақтанышымыз» атты танымдық кеш болып өтті.
 
Кештің басты мақсаты: Қазақ әдебиетінің айтулы ақыны, Қазақстан Жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы жаңа әнұранының авторы Ж. Нәжімеденовтың өмірбаянымен, шығармашылық жолымен таныстыру. «Менің Қазақстаным» өлеңінің шығу тарихымен таныстыру. Жұмекен Нәжімеденов шығармашылығын оқырмандарға терең таныту. Ақын жырларының тақырыбын, поэмаларының мазмұнын терең меңгерту.
 
Кешті кітапхана қызметкері А.Дәулеткелдина жүргізіп, оқырмандарымызға Жұмекен Нәжімеденовтың өмірі мен шығармашылығын таныстырып өтті. Сонымен қатар, айтулы ақынның өмірі және шығармашылығы туралы видео фильм көрсетілдіп, оқырмандармен бірге «Менің Қазақстаным» әнұраны орындалды.
Кеш соңында «Жыр жұлдызы -Жұмекен» атты кітап көрмесі таныстырылды.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.