Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясындабүгінгі күнге жұмыс сұрап өтініш білдіргендердің саны – 3 020, оның ішінен 2 309 ауыл тұрғындары.
Қазіргі таңда белсенді шаралармен қамтылған азаматтардың саны 4025, атап айтқанда:
— тұрақты жұмыспен қамтылғандары — 1 360;
— қоғамдық жұмысқа жолданғандар — 1 019;
— жол картасы аясында орналасқандар — 556;
— Жастар практикасы — 260;
— Мемлекеттік грант алғандар — 391;
— «Бастау бизнес» кәсіпкерлікке оқыту — 144;
— Әлеуметтік жұмыс орындарына- 136;
— Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға- 131;
— Шағын несие алғандар — 28.
Есепті кезеңде 928 жұмыссыз азамат есепте тұр. Оның ішінде ауыл тұрғыны — 728 адам.
Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету.
Бүгінгі күнге 131 азаматтың барлығы қысқа мерзімді оқуға жолданды. Қаралған қаржы – 39 495,0 мың теңге.101 азамат оқуларын аяқтап,95 адам жұмыспен қамтылды. Қайтарымсыз грантты 6 адам алды.Игерілгені –15 430,0 мың теңге. Қалған 74 адам оқуларын жалғастыруда.
№ Мамандық атауы Оқу орны Жолданған адам саны
1 Жүк көлік жүргізушісі
«Бағыт — Тараз» ЖШС 11
2 Тырнақ шебері 15
3 Дәнекерлеуші 15
4 Слесарь 15
5 Наубайшы «Агронии» ЖШС 15
6 Тігінші 15
7 Массажист «Әулие-Ата» ЖШС 15
8 Шаштараз «Eco-Block»ЖШС 15
9 Аспазшы «Эльба» ЖШС 15
Барлығы 131
Екінші бағыт: Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша : 2020 жылы ауылға 29 азаматқа 92 400,0 мың теңге шағын несие беру жоспарланған.
Несие алуға жолдама алғандардың қатарынан «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» қоры арқылы мал шаруашылығына 72 азамат жолдама алды,оның ішінен28 адам несие алды(2 азамат 2019 жылғы қаржы есебінен). Игерілген қаржы – 111 000,0 мың теңге. Басқа азаматтардың жолдамалары қаралуда.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру2020 жылға 487 адамға қайтарымсыз грант беру жоспарланған. Қаралған қаржы 265 324,0 мың теңге. Бүгінгі күнге 391 адам 212 593,0 мың теңге көлемінде грант алды.
Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.
2020 жылғы Әлеуметтік жұмыс орындарына – 80 адамды жолдау жоспарланған,бүгінгі күнге жолданғаны – 136 адам. Бағдарлама бойынша жұмысын аяқтағандар 52, тұрақты жұмысқа 43 адам қамтылған82,7%.
Жастар практикасын ұйымдастыру бойыншажоспар 240 адам.Бүгінгі күнге жолданғаны – 260 адам. Жастар практикасын аяқтағандар 152, оның ішінен тұрақты жұмыспен 134 адам қамтылған88%.
Қоғамдық жұмысты ұйымдастыруға Жоспарланған адам саны 947, жолданғаны 1 017 адам.