A place where you need to follow for what happening in world cup

САРЫСУДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 255 ТҰРҒЫН БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

0 82

Сарысу ауданында жыл басынан бері жалпы алаңы 16 629 шаршы метр болатын 99 жеке тұрғын үй мен 1 көпқабатты үй пайдалануға берілді. Жақын арада «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында құрылысы жүріп жатқан 2 көпқабатты тұрғын үй тұрғындардың игілігіне ұсынылады. Ал коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана алу кезегінде 1 832 адам тұр.
Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев мәлімдеді. Оның айтуынша, жыл соңына дейін 255 адам тұрғын үймен қамтылады екен. Аймақтағы «Асарлатып үй салу» жобасы ауданда биыл да жалғасын табуда. Бұл бастама аясында 9 отбасы жаңа үйге қоныстанбақ. Бүгінге дейін 4 үйде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, иелеріне берілген. Қалған 5 үй Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жағдайда тапсырылады.
«Биыл жол саласына барлық бюджет көздерінен 1,3 млрд теңге бөлінді. Ауданда облыстық маңызы бар 271,8 шақырым автомобиль жолының 60,8 %-ы, аудандық мәні бар 64,8 шақырым жолдың 94 %-ы, елді мекендер ішіндегі 188,8 шақырым жолдың 73 %-ы қанағаттанарлық жағдайда. Сондай-ақ Жаңатас қаласындағы 8 квартал ішілік жолдарға 36,6 млн теңге қаралса, «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасымен елді мекендердегі ұзындығы 9,9 шақырым болатын 11 жолға 206,3 млн теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. 122,8 млн теңгеге Шығанақ, Қамқалы, Жайлаукөл, Үлкен Көкдала ауылдарына кіре беріс жолдарды жөндедік», — деді баяндамашы.
Брифингте 970 млн теңгеге облыстық маңызы бар «Тараз-Аса-Аққөл-Саудакент» жолының 176-186 шақырымы мен «Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас-Саудакент» жолының 127-149 шақырымы орта жөндеуден өткізілгені белгілі болды.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.