A place where you need to follow for what happening in world cup

Сарысудың тәртіп сақшылары вакцина қабылдауда

0 163

Сарысуда тәртіп сақшылары вакцина ала бастады. Алдымен халықпен тығыз байланыста жұмыс істейтін учаскелік полицейлер мен жол-патрульдік инспекторларға екпе егіледі.

Алдыңғы шепте жүретін құқық қорғаушылар жұқпалы кеселдің алдын алудың маңызын түсініп, вакцина салдыруға оң көзқарас танытып отыр.

МАДИЯР ҚОЖАХМЕТОВ Сарысу аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары:

— Өзім вакцина алып шықтым. Көңіл-күйім жақсы. Жалпы барлық полиция қызметкерлері ерікті түрде жүргізілуіне байланысты келісімдерін берді.

Сол себепті бүгіннен бастап, кезек-кезегімен жүргізетін боламыз.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.