Жаңатас қаласында өткен автокеруен Сарысу ауданының Саудакент ауылдық огругінде жалғасын тапты.
Әлеуметтік автокеруеннің жәрмеңкесіне Саудакенттіктер ағылып келіп жатты.
Ауылдықтардың Сарысу ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен өткен азық-түліктің бағалары көңілдерінен шықты.
Әлеуметтік автокеруеннің жәрмеңкесінде тауарлар бағасы картоп-80 теңге, пияз 45, бірінші сұрыпты ұн 50 келінің қабы 6000 тг жоғарғы сұрыпты ұн, сәбіз-55 теңге , пияз 50 теңге келісі, күріш 25 келісі 6000,сұйық май 5 литрі 1650, қанттың 25 келісі 4750 теңгеден сатылымға шығарылды.
Жақын маңдағы ауылдардан келіп, сауда көрігін қыздыра түсті.
Ұйымдастырушыларға деген алғыстарын жеткізген ауылдықтар осындай жәрмеңкелер жиі ұйымдастырылып тұрса деген ұсыныстарын жеткізді.