A place where you need to follow for what happening in world cup

Саудасы қызған жәрмеңке

0 201

Қаратау қаласының орталық аланыңда азық-түлік тауарларының және ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Өткізілген жәрмеңкеде балық 588 кг, ет өнімдері 1,5 тонна, сүт өнімдері 520 литр, көкөніс 6 тонна, жеміс-жидектер 2,5 тоннаны құрады. Жәрмеңкеде сатылған тауарлар күнделікті бағадан 10-15%-ға төмен сатылды.

Бұдан бөлек, жәрмеңкеге Тараз қаласынан «Көкжиек» ЖШС-і, ЖК «Ырзабол» Байзақ ауданынан «Лесняк» ЖШС-і, және Жуалы ауданынан ЖК «Сапаркүл», Майтөбе ауылынан ЖК «Сейдуалиева Мадина» сүт өнімдерімен өнімдерімен қамтамасыз етті.

Ауылдық округтерден, Қасқабұлақ 2 қой ұшасы және 10 литр айран, 10 литр сүт, Қаратау 20 литр айран, 10 литр сүт және 2 қой ұшасы, Қызыләуіт 2 қой ұшасы, Ойық 5 қой ұшасы, Кеңес 2 қой ұшасы, Ақкөл 150 кг балық еті, Бостандық 2 тонна картоп.

Жәрмеңке талабына сәйкес, сауда мәдениетін қалыптастыру мақсатында жәрмеңкеге қатысушылардың ақ халаты, бетперде (маска), қолғап және де ауыл шаруашылығы өнімдерінің атауы жазылған банерлері болды.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты санитарлық талаптарды сақтау мақсатында бөлім тарапынан арнайы бір реттік 100 дана медициналық маска таратылды.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.