Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Осы орайда бүгінгі ұйымдастырылған сенбілік аудан тынысының кеңеюіне үлесін қосуда.
Аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев бастаған тазалық жанашырлары аз уақыттың ішінде айналаны тазартып, аудан келбетінің келісті болуы үшін тер төкті.