A place where you need to follow for what happening in world cup

Сенбілік – тазалық таразысы

0 161

«Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен жамбылдықтар өткен аптаның сенбісі күні санитарлық тазарту, көріктендіру және абаттандырудың екі айлығы аясында ұйымдастырылған сенбілік шарасына белсене қатысты.
Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері біркісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді. Соның ішінде, Тараз-Аса автожолы, орталық көшелер мен әлеуметтік нысандардың айналасын толық қамтыған тазалық жанашырлары қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.
Сенбілікте тұрғындар талдардың түбін әктеп, бұтақтар мен шөптерді шапты. Арық-атыздарды тазартып, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығарды. Түске дейін тыным таппаған азаматтар бұл күні талай тірлікті тиянақтады. Мұндай ізгілікті іс ауданға қарасты ауылдық округтерде де жалғасын тапты.
Бұл шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.