A place where you need to follow for what happening in world cup

Шәкірттің озат болуы – ұстазынан

0 227

Шәкіртінің оқуда озат, тәртіпті болуы ұстазынан десек, ұлағатты ұстаздың ұстанымы ұлы істерге жетелейтіні даусыз. Ұстаздың біліктілігі мектепке де, өзіне де, тіпті, шәкірттеріне де үлкен бедел.Сол беделдің биігінен көріне білген Матросов атындағы негізгі мектептің мұғалімі Айгүл Әсілбекова бүгінде мектеп мақтанышына айналған.

Айгүл жайында мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Замира Болысбекованың «Біздегі мұғалімдердің бәрі де өз мамандықтарының білгірі, қоғам белсенділері. Солардың ішінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі, әлеуметтік педагог Айгүл Әсілбекованың жөні бөлек. Ол ұстаздық жолда 13 жылдан бері келеді.

Айгүл Қодашқызы – Өркениет гуманитарлық колледжінің 2007 жылғы, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 2013 жылғы түлегі. Оның жетістіктері де аз емес. Аудандық білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарованың Алғыс хаты мен аудандық, облыстық байқауларда топ жарғаны – айтқан сөзімнің дәлелі.

Бүгінде мектеп оқушылары дәстүрлі оқыту тәртібі негізінде білім алуда. Мұнда 53 оқушы қазақ және орыс тілінде дәріс алып жатыр. 24 оқушы орыс сыныбын таңдаған. Бәрі де карантиндік тәртіпті қатаң сақтап келеді» деген сөзіне Тоғызтарау ауылдық округінің әкімі Мұхтар Шайдаев та қосылған.

Басшы өз мұғалімінің атына жылы-жылы сөздер айтты. Шәкірттері де жақсы лебізде екен.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.