A place where you need to follow for what happening in world cup

Үш жыл қатарынан жеңіс тұғырында

0 173

Адам баласы ұрпағымен көрікті. Ал білімді бала ел болашағы. Сондықтан да Жамбыл облысы Жамбыл ауданының білім беру  саласы саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай тер төгуде. Өз кезегінде мектеп оқушылары да биік белестерді бағындырып, таланттарын талайға танытуда. 

 

Атап айтсақ, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен қазақ тілінен ХІV республикалық қашықтық олимпиадасының қорытындысы бойынша Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Кадимова Гульчин І дәрежелі дипломмен марапатталған.

Республикалық  «Қоқиқаз-2019» атты фестивалінде Бірлесу-Еңбек орта мектебінің 5 сынып оқушысы Ақшабай Нұрай болса,  ІІ орынды иеленген.

Республикалық «Оқы,тап!» онлайн байқауында Б.Бесбаев мектеп-гимназиясының оқушысы Заудбай Мәулеш бас жүлдені жеңіп алса, А.Макаренко атындағы орта мектебінің оқушылары Нұржаубай Айнұр мен  Қалиқызы Үміт жүлделі екінші орынның биігінен көрінген.

Республикалық «Абай жолы» қашықтық  байқауында Қ.Сартбаев, Еңбек, Шайқорық орта мектебінің оқушылары  жүлделі І-ІІ орындарды қанжығасына байлаған.

Республикалық «Өлең сөздің патшасы» байқауында Шайқорық орта мектебінің оқушылары Алпысбай Аружан, Молшылық Аяулым және  Садуақас Айжан жүзден жүйрік екендерін көрсеткен.  

Облыстық «Ең үздік оқушы» онлайн байқауында Б.Бесбаев  атындағы мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы Қайрат Еркемай да жеңіс тұғырына көтерілсе, «Үздік сынып-2020» атты қашықтықтан өткізілген облыстық байқауының жеңімпазы Айшабибі атындағы орта мектебінің 10 а сыныбы І дәрежелі дипломмен марапатталған.

Облыстық «Өз өлкеңнің тарихын білесің бе?» атты  байқауында Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Қайрат Еркемай ІІ орынмен аудан мерейін үстем еткен.

Облыстық «Жас білімпаз» интеллектуалды олимпиадасында В.П.Чкалов атындағы орта мектебінің оқушысы  Юсупова Анора мен Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназия  мектебінің  оқушысы  Бакыт Айдина  І  дәрежелі дипломдармен дәріптелсе, Бірлесу-Еңбек  орта мектебінің оқушысы Жолдыбай Айдос  ІІ орынды еншілеген.

Облыстық  Асық атудан өткен  спартакиада да  Жамбыл ауданының командасы (Б.Тайшапов, Абай, №3 орта мектебінің оқушылары)   алдына қара салмай, ұлттық спорттан теңдессіз екендерін танытқан.

Облыстық баскетбол жарысында Валерий Чкалов атындағы орта мектебінің ұлдар командасы қарсыластарын қоғаша  жапырса, облыстық  пән олимпиадасына қатысқан 29 оқушының 15-і, өңірлік  ғылыми жоба байқауында бақ сынаған  19 оқушының 4-і ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталған.

Республикалық қашықтық олимпиадасына  қатысқан 1060 оқушының  165 –і І,  147 – і ІІ,  138  -і ІІІ дәрежелі жүлделерге қол жеткізген.

Үш жыл қатарынан ауданның  мектептері жоғары номинацияға ие болуы —  сөз жоқ  аудандық білім беру саласындағы жүйелі жұмыстың  нәтижесі екені даусыз. Шығармашыл, ізденімпаз, жаңалыққа жаны жақын  ұстаздар мен оқушылардың биылғы оқу жылында да алар асулары көп болсын деп тілейміз!  

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.