A place where you need to follow for what happening in world cup

Шерхан Мұртаза мұрасы – ұлт қазынасы

0 229

Ана тіліміздің мемлекеттік мәртебесін асқақтатуға ерекше үлес қосқан, туған мәдениетіміздің, ұлттық руханиятымыздың ерен тұлғасы- Шерхан Мұртаза мұрасы – ұлт қазынасы.

Өр тұлғаның өнегесін өскелең ұрпаққа үлгі ету үнемі жүйелі жалғасып келеді.  Мәселен қазан айының басында Жамбыл ауданында « V Шерхан оқулары» байқауы өтті. Аудандық білім бөлімінің бастамасымен биыл бесінші рет өткізіліп отырған бұл игі  шара, әрбір шығармашыл оқушының талантына серпін беріп, мақсаттарын еселейтіндігі даусыз. Аталған шараға мектепішілік кезеңнен жеңімпаз атанған оқушылар қатысып, төрт бағыт бойынша сынға түсті.

Байқау барысында үміткерлер, «Жұлдызы нұрлы суреткер», «Рух пен намыстың төресі», «Зау тұлға», «Шерхан Мұртаза мұрасы» атты кезеңдер  бойынша өз бақтарын сынады.

Облыстық кезеңге  Бас жүлде мен  І орын алған оқушылар жолдама алды.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.