Қазан айының үшінші онкүндігінде Тараз гуманитарлық университетінің ұйымдастыруымен облыстық «V Шерхан оқулары» байқауы болып өтті.
Байқауға Жамбыл ауданынан 8 оқушы қатысып, әр бағыт бойынша елді мекен намысын қорғады. І бағыт «Жұлдызы нұрлы суреткер» бойынша Дәнебай Аяулым ІІІ орынды, Әзімхан Меруерт ІІІ орынды иеленсе, ІІ бағыт «Рух пен намыстың төресі» кезеңі бойынша Бұлғар Ильяс ІІІ орынды, «Шерхан Мұртаза мұрасы» ІҮ бағыты бойынша Уринова Аймықыз ІІІ орынды иеленді.