A place where you need to follow for what happening in world cup

Сотталғандардың шеберлігін шыңдайтын байқау

0 175

Қоғам түрмедегі тағдырлардан хабарсыз. Олар да кітап оқиды, сурет салады, киім тігеді, ағаш жонады, бұйым жасайды. Түрлі тағдыр – түрлі талант.

Түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілердің бойындағы қабілетін ашу мақсатында тұрақты түрде түрлі байқаулар ұйымдастырылады. Солардың бірі — суреттер мен қолданбалы өнер бұйымдарының байқауы.

Бас бостандығынан айырылғандарды тәрбиелеуге ықпал ететін сайыс барысында сотталғандардың қиялынан туған суреттер мен бұйымдар көпшілік назарына ұсынылады.

Қатаң режимдегі ЖД-158/4 мекемесінде өткен «Үміт — 2021» байқауында да қатысушылар өз туындылары арқылы жүрек түкпірінде жатқан сезімдерін жеткізгісі келгендей. Тартысты өткен байқау қорытындысы бойынша сотталған С.Каузановтың туындысы үздік атанды. Ал жүлделі ІІ және ІІІ орынға Д.Гумбатовпен Д.Лекомпевтың қолынан туған дүниелер лайықты деп танылды. Жеңімпаздар мекеме әкімшілігі тарапынан марапатталды.

Әбдуғани Құдайқұлов,
ЖД-158/4 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысын жүргізу бөлімінің бастығы әділет капитаны

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.