Талас ауданында спортты дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Биылдың өзінде көптеген шалғай ауылдарда футбол алаңшалары соғылып, халық игілігіне берілген. Көптеген мекемелер күрделі жөндеуден өткен. Мұның бәрі әрине халық игілігі үшін жасалып жатыр.
Спорт – денсаулық кепілі. Ал, онымен жүйелі түрде айналысушылардың көп болуы көз қуантады. Қазіргі кезеңде Таласта екі спорт кешені, 198 спорт нысанымен қатар 82 спорт алаңшалары бар. Солардың бірі Бостандық ауданындағы балалар жасөспірімдер спорт мектебі. Нысан 2007 жылы пайдалануға берілген. Қәзір төрт ауылда бөлімшелері жұмыс істейді. 10 жаттықтырушы мұнда келетін 300 балаға білмегенін үйретіп, біліктілігін шыңдайды.
Ал, Ақкөл ауылындағы спорт мектебі 2008 жылы ашылған. Қәзір мұнда 420 оқуышы жаттығады екен. Оларды 14 жаттықтырушы жаттықтырады. Соның нәтижесінде толайым жетістіктер де бар.
Шалғай ауылдарда спорттың дамуы кенжелеп қалмай, керсінше қарқын алуда. Бұған сол мекендерден шығатын өрендер жетістігі дәлел. Соның арқасында жас буын өкілдері де бос уақытын зая өткізбей, спортқа ағылуда.
Қорыта айтқанда жастар мен жасөспірімдердің спортты бірінші орынға қойуы үлкен жетістікке бастары анық. Ел мерейін үстем етіп, байрақты бәсекеде бағымызды жансын десек тынымсыз еңбек ету маңызды.